Qazaq Air әуекомпаниясы 11 мамырдан бастап Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған мен Павлодарға рейстерін ашады. Бұл туралы Vласть хабарлады

Ақтөбеге ұшақ сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері кешке ұшады, сосын Алматыға қайтып кетеді. 

Қостанайға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері таңертең бір рейс қойылған. Талдықорғанға дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері таңертең рейс орындалады. Астанада да дәл сондай ұшу кестесі болады. 

Сонымен қатар, Астана-Павлодар бағытында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері таңертеңгілік рейстер қойылады, ал күндіз ұшақ Палодардан Астанаға кері ұшып кетеді. 

Әуекомпанияның мәліметінше, 7 мамырдан бастап бас санитар дәрігердің шешімімен ұшақ жолаушыларынның арасында бір бос орын болуы керек деген ереже болмайды. 

«Алайда ұшақта бос орын қалса, әуекомпания жолаушыларды бір-бірінен алшақтатып отырғызады. Осылайша жолаушылар да әлдеқайда ыңғайлы жағдайда ұшады», - деді әуекомпания.

Барлық жолаушыда COVID-19 инфекциясына ПТР-тесттен өткені жөнінде анықтама болуы керек. Бұл анықтама ұшар алдында тапсырылады, ол үшін жолаушы әуежайға кем дегенде екі сағатқа ертерек келуі керек.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз