Америка психологтары вегатериандық пен жан-дүниенің тыныштығы арасында байланысты анықтады. Олардың тұжырымдауынша, вегатериандар мен вегандар ет жейтін адамдарға қарағанда депрессия мен мазасыздыққа жақын болады. Бұл туралы PsyPost жазды

Ғалымдар ет жеудің психикалық денсаулыққа әсері туралы шыққан 18 жұмысты сараптаған. Ал зерттеуге 149 559 ет жейтін респондент пен еттен бас тартқан 8584 респондент қатысты. Олардың бәрі түрлі континентте тұрады.

Эксперименттердің бірінде ет жейтін адамдарға қарағанда вегандар мен вегатериандардың көңіл-күйі көтеріңкі болғанына қарамастан ұзақмерзімді зерттеу басқа нәтиже көрсетті. Өсімдіктен жасалатын азық-түлікпен тамақтанатын адамдар депрессия мен мазасыздыққа, тез жабығуға, өзіне қауіп төндіруге жақын келеді. 

Зерттеудің толық мәтіні Critical Reviews in Food Science and Nutrition журналында жарияланған


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз