Ұлттық экономинка министрлігінің статистика комитетінің деректерінше, 1 сәуірде Қазақстан халқының саны 18 690 мың адамға жетіп, жыл басынан 0,31%-ға өскен. Бұл туралы Vласть хабарлады

Халықтың өсу қарқыны жоғары аймақтар: Астана (+1,03%), Маңғыстау облысы (+0,81%), Шымкент (+0,80%) және Алматы (+0,78%). 

2020 жылдың бірінші ширегінде 17 аймақтың 12-сінде өсім байқалды. Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында халық саны азайып келеді. 

Соңғы жылдары Қарағанды облысында халық саны аз да болса, өсіп жатыр. Биыл бірінші ширек бойынша бұл аймақта 0,01%-ға өсім байқалған. Бұған дейін Қарағанды облысында халық саны үнемі кеміп отыратын.

Жалпы, елдегі қала тұрғынының саны 0,48%-ға, яғни 10 992 мың адамға өссе, ауыл тұрғындарының саны 0,07%-ға, яғни 7 699 мың адамға көбейді. Елімізде қалада тұратындар үлесі 58,8%, ал ауылда тұратындар үлесі 41,2%.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз