EXPO-2020 келесі жылы өтетін болды
Биыл қазанда өтуі керек EXPO-2020 көрмесін коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейін шегерді.
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі мен экспозиция қатысушыларының өтінішімен Халықаралық көрме бюросы EXPO-2020-ны келесі жылға қалдыруға шешім қабылдады. Көрме 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызы аралығында өтетін болды.
Биыл жоспарланған көрмеге 11 миллион қонақ келеді деген болжам болған.
Айта кетейік, EXPO-2020 көрмесі 200-ге жуық ел қатысатын дүниежүзілік алаң. Әр ел ғылым, техника, архитектура мен шығармашылық салада жеткен жетістіктерін таныстырады.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться