SCAT әуекомпаниясы Ресейден 400-ден астам қазақстандықты елге әкелді
Өткен демалыста SCAT әуекомпаниясы Ресей Федерациясынан 444 қазақстандықты елге әкелді. Бұл турады компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«1 мамырда әуекомпания Мәскеу – Алматы және Мәскеу – Астана бағыты бойынша рейстерді орындады. 3 мамырда Санкт-Петербург – Ақтау – Шымкент рейсі орындалды. Барлығы 444 Қазақстан азаматы Отанына оралды. Оның көбі — Ресейде оқитын қазақстандық студент», — делінген хабарламада.
Рейстер Қазақстан мен Ресейдің қолауымен орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға кіріп-шығуға шектеу қойылғаннан кейін әуекомпания Египет, Чехия, Грузия, Түркия, Үндістан, Польша мен Ресейден де отандастарымызды тасып, әкелген еді.
Компанияның мәліметінше, SCAT «Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен ережелерін анық орындап жүр» әрі ұшқан сайын бортта дезинфекция жасалады. Ал қызметкерлер мен әуекомпанияның өкілдері жақсылап жабдықталған.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться