Елімізде коронавирустан айыққандар саны 1000 болды
3 мамырда сағат 18:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша елімізде тағы 36 адам коронавируспен тіркелді, ал Шымкентте бұл індеттен бір науқас көз жұмды. Соңғы 36 жағдай мына аймақтарда тіркелген:
Алматы қаласы - 7;
Маңғыстау облысы - 2;
Нұр-Сұлтан қаласы - 4;
Атырау облысы - 2;
Қарағанды облысы - 1;
Шымкент қаласы - 5;
Жамбыл облысы - 2;
Түркістан облысы - 1;
Шығыс Қазақстан облысы - 3;
Батыс Қазақстан облысы - 9.
Қазақстан бойынша барлығы 3913 адамда вирус анықталған. Жұқтырғандардың облыс және қала бойынша бөліндісі төмендегідей:
Астана – 690;
Алматы – 1285;
Шымкент қаласы – 211;
Ақмола облысы – 100;
Ақтөбе облысы – 153;
Алматы облысы – 149;
Атырау облысы – 177;
Шығыс Қазақстан облысы – 28;
Жамбыл облысы – 148;
Батыс Қазақстан облысы – 173;
Қарағанды облысы – 155;
Қостанай облысы – 50;
Қызылорда облысы – 214;
Маңғыстау облысы – 65;
Павлодар облысы – 150;
Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
Түркістан облысы – 135.
Соңғы деректерге сүйенсек, Алматы қаласында үш адам, Қызылорда облысында екі адам — барлығы бес адам аурудан айыққандар қатарына қосылды. Қазір елімізде коронавирустан жазылғандар саны — 1000. Ал COVID-19-дан тіркелген өлім дерегі — 27.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться