Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», - делінген Жарлықта.
Ол 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің студенті болды. 1985-1987 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағлымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты болған.
2015 жылғы 11 қыркүйек - 2016 жылғы 13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінде болған. Ал 2016 жылғы 13 қыркүйек пен 2019 жылғы 20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы болды.
2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайта сайланған.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться