Birgemiz қоры тағы 210 мың отбасыға 50 000 теңге берді
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің хабарлауынша, бүгінге дейін Birgemiz қоры 98 мыңнан астам отбасыға азық-түлік жиынтығы мен 100 мың отбасыға бетперде таратты. Ал 210 мың көмекке мұқтаж отбасына 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем берілді.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қоры осы аптада Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында тағы 210 мың отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы төлем жасап, көмек көрсетудің екінші кезеңін аяқтады. Осылайша, елімізде 360 мыңнан астам мұқтаж отбасы тікелей қаржылық көмек алды» – деп жазды Бауыржан Байбек Instagram-парақшасында.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться