Швецияның экобелсендісі Грета Тунберг ЮНИСЕФ-ке (БҰҰ-ның балалар қорына) балаларды коронавирустан және оның салдарынан қорғауға 100 мың доллар берді. Бұл туралы «Нож» онлайн-журналы хабарлады.

Қаражатты Грета кедейлікпен күретесетін халықаралық Human Act ұйымынан грант ретінде алған. Экобелсендінің ақшаны ЮНИСЕФ-ке беретіні белгілі болған кезде Human Act сомманы екі еселеп, балаларды қорғау қорына тағы 100 мың доллар қосып берген.

Тунберг коронавирусты климаттық дағдарыспен салыстырды. Оның айтуынша, пандемияның салдары барлық балаға әсер етеді. Вирустың таралуы әлі ұзақ уақытқа созылатындықтан осал топтарға бәрінен қиын болады. Грета барлық адамды қордың жұмысын қолдауға шақырды. 

ЮНИСЕФ-ке түскен қаражат жапа шеккен аймақтардың жедел жәрдем бағдарламасына жұмсалады. Қор адамдары мұндай аймақтарда жүрген медқызметкерлерге сабын, бетперде, қолғап, қорғаныс киімі сияқты қажет нәрселер жеткізеді. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз