Аблай Мырзахметов: «Онлайн-жеткізу нарығында өсім байқалды»
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов төтенше жағдай кезінде қай саланың табысы артқанын айтты. Бұл туралы Hola News хабарлады.
Оның айтуынша, ТЖ режимінде онлайн-жеткізу нарығында өсім байқалды.
«Онлайн-жеткізу саласында айналым үш еседен бес есеге дейін өсті. Төтенше жағдай кезінде бұл сала кеңінен дамыды. Әрине, қоймалардың жетіспеуі сияқты кемшіліктер де анықталды», - деді ол Instagram-дағы тікелей эфир кезінде.
Мырзахметовтың айтуынша, азық-түлік және аграрлық сектордағы табыс 2,6 %-ға өсті.
Халық жаппай медициналық бетперде мен түрлі дәрі-дәрмекті алғандықтан медицина саласында да өсім байқалды.
ҰКП басшысының айтуынша, ТЖ режиміне байланысты мемлекеттік сатып алудар бюджеті 4,7 триллион теңге болды. Оның 85 %-ы құрылыс саласына бөлінді.
«3,9 триллион теңге құрылыс саласына жұмсалды. Қомақты қаржы жұмсалды, сондықтан нәтиже же жақсы болуы керек. Бек күнде жеңілдетілген тендерлер өткізіледі. Оны отандық кәсіпорындардың алғаны жақсы. Бүгінде 2 триллионға тендер өткізілді», — деді Аблай Мырзахметов.
Ол халықты тендерлерді бақылап, қаражаттың қайда кетіп жатқанын анықтап қарап жүруге шақырды. Себебі ақшаның экономиканы жақсартуға жұмсалғаны маңызды.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться