Ұлттық сараптама орталығында кез келген адам COVID-19-ға тест тапсыра алады
ҚР ДСМ-нің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы Қазақстанның барлық аймағында COVID-19-ды анықтайтын ПТР-тест өткізеді. Кез келген адамға анализ тапсыруға болады. Бұл туралы «Информбюро» хабарлады.
«Ұлттық сараптама орталығының барлық облыс пен қалаларда орналасқан филиалында тест тапсыруға мүмкіндік бар. Оның нәтижесі 12-24 сағат ішінде дайын болады. Алматы не Астанаға ұшуды жоспарлаған азаматтар кем дегенде екі күн бұрын тест тапсыруы керек. ПТР әдісімен коронавирусты анықтайтын тест құны 11 500 теңге», – делінген хабарламада.
Ал «Олимп» зертханасынының сайтында COVID-19 инфекциясына ПТР-анализ тапсыру бағасы 19 760 теңге.
Ұлттық сараптама орталығының тестінен өту үшін nce.kz сайтында алдын ала тіркелу керек. Анализ сағат 8:30-дан 16:00-ге дейін демалыссыз қабылданады. Орталықтың филиалдарына бетперде киіп, кешікпей келу керек.
Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының мекенжайы мен телефоны:
- Астана – Желтоқсан көшесі, 46, телефон – 8 (7172) 55-49-21;
- Алматы – Жібек Жолы көшесі, 3, телефоны: 8 (7273) 82-35-65, 8-727-385-41-68;
- Ақтау – 1-микрорайон, Аурухана қалашығы, телефоны: 8 (7292) 50-43-76, 50-75-15;
- Атырау –Ерғалиев көшесі, 39А, телефоны: 8 (7122) 32-99-58, 32-23-36;
- Ақтөбе – 8 марта көшесі, 3-үй, телефоны: 8 (7132) 50-67-31, 53-85-56;
- Көкшетау – Құдайбердиев көшесі, 27, телефоны: 8 (7162) 26-61-27, 26-56-39, 8 (777) 874-87-63;
- Қарағанды – Әлиханов көшесі, 2, телефоны: 8 (7212) 50-75-93, 50-22-83;
- Қостанай, Әл-Фараби көшесі, 113, телефоны: 8 (7142) 54-44-18, 54-74-10;
- Қызылорда – Жанаәділов көшесі, 2, телефон – 8 (7242) 70-10-63;
- Павлодар – Аймауытов көшесі, 2/5, телефоны: 8 (7182) 62-71-82, 55-62-42;
- Петропавл – Назарбаев көшесі, 236, телефон – 8 (7152) 50-08-13;
- Тараз – Әйтеке би, 13, телефон – 8 (7262) 43-46-79;
- Өскемен – Назарбаев даңғылы, 17, телефон – 8 (7232) 52-56-78;
- Талдықорған – Сланов көшесі, 85А, телефоны: 8 (7282) 39-07-58, 60-12-12;
- Шымкент – Майдантал көшесі, 4, телефоны: 8 (7252) 43-36-72, 43-30-55;
- Орал – Нұрпейісова көшесі, 19, телефоны: 8 (7112) 51-15-72, 8 (777) 619-15-60.
Комментарии
Подписаться