Мемлекет бюджетінен БАҚ-ты қаржыландыруға қанша ақша жұмсалды?
Журналист Джамиля Маричева мемлкеттік телекорпорацияларды қаржыландыру жүйесіне зерттеу жасады. 2019 жылы Қазақстан мемлекеттік ақпарат тапсырысына 49 миллиард теңге бөлген. Жалпы сомманың үштен екісі «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Хабар» Агенттігі» АҚ-на берілген.
49 000 000 000
теңге
2019 жылы мемлекеттік ақпарат тапсырысына жұмсалды
Қаражаттың басым бөлігін, яғни 21 миллиард теңгені «Қазақстан» РТРК» АҚ алады. Корпорация құрамына Qazaqstan ұлттық арнасы, Qazsport, Balapan, Tamasha TV телеарналары мен «Қазақ радиосы», Shalqar, Astana, Classic радиолары және аймақтық телерадиокомпаниялар кіреді.
Gr5.gosreestr.kz сайтының мәліметінше, «Қазақстан» РТРК»-сы 2014-2018 жылдары 54 миллионнан 89 миллион теңге аралығында табыс әкелген. Кірісі мен шығысын салыстырсақ ешқандай пайда түспейді деуге болады.
«Қазақстан» корпорациясында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» деген еншілес кәсіпорын бар. Соңғы екі жылдағы аудитор есептерінің дерегінше, бұл агенттікте бір адам ғана жұмыс істейді. Бірақ агенттікке «Евразия + ОРТ» ЖШС-сы, яғни «Еуразия» бірінші арнасы» тиесілі.
Бюджеттен ең көп қаражат берілген екінші корпорация — «Хабар» Агенттігі» АҚ. Оған «Хабар» телеарнасы тиесілі. Корпорация мемлекеттік тапсырыс үшін 15 миллиард теңге алды. Оның 100 % мемлекеттің бақылауындағы агенттік екенін еске салған абзал. Ал басшысы — Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. Оны тағайындау шешімі мемлекеттік деңгейде қабылданған.
«Шығын ақпарат саясатында мемлекет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік ақпарат саясатының кеңеюіне байланысты 2018 жылмен салыстырғанда шығын 2 785 346 мың теңгеге артты», — делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бюджеттік бағдарламасында.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться