Бүгін Атырау облысында бес адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. ТЖ жөніндегі жергілікті жедел штабтың мәлімдеуінше, бұл бес адам Теңізшевройлда тіркелген. Бұл туралы Vласть хабарлады

«Ауруды жұқтырған  1960, 1983, 1989 және 1994 жылғы төрт ер адам мен 1988 жылғы әйел адам. Бәрі де Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың қызметкері», делінген хабарламада.

COVID-19 анықталғанға дейін олар стационар карантинінде болған. Оған шейін олар вирусты жұқтырғандармен байланысқандықтан стационарға жатқызылып, лабораториялық анализ тапсырған еді. Нәтижесінде бес адамда да инфекция анықталды. Қазір олардың жағдайы қанағаттандырарлық деп бағаланды. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз