Қазақстанның Сыртқы істер министрі Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, Түркия Астана мен Алматыдан өзінің 160 азаматын әкеткен, бірақ ұшақ бортына Түркиядағы қазақстандықтарды алып, елге жеткізуден бас тартты. Бұл туралы Vласть хабарлады

«24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағы Астана мен Алматыдан 160-тан астам Түркия азаматын алып кетті. Дәл осы рейспен Түркияда қалған қазақстандықтарды алып келу мәселесін Анкарадағы біздің елшілік көтерген еді. Алайда Түркия отандастарымызды бұл ұшақпен алып келуден бас тартты», - деді ол.

Смадияров Түркияда қанша қазақстандықтың қалғанын анықтап айтқан жоқ. Бірақ Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі қазақстандықтардың елге оралуына көмектесетінін айтты. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз