Табысынан айырылған қазақстандықтар тағы 42 500 теңге алады
Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан қазақстандықтарға мемлекет екінші айға 42 500 теңге төлейді. Бұл туралы Қасым Жомарт-Тоқаев хабарлады.
«Мемлекет табысын жоғалтқан азаматтарға екінші рет 42 500 теңге төлейді. Тағы өтініш жіберудің қажеті жоқ. Төлем бірінші жіберілген өтініш мәліметтері бойынша жасалады», – делінген мемлекет басшысының мәлімдемесінде.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әлеуметтік осал топтарға азық-түлік беріледі.
Бүгінде 4,2 миллион қазақстандық мемлекеттен қаржылай көмек алды. 570 мыңнан астам адамға азық-түлік пакеті берілді. 1,6 миллион азаматтың сәуір-мамыр аралығында коммуналдық қызметіне қаржы бөлінеді.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться