Telegram-ның бір айдағы аудиториясы 400 миллион қолданушыға жетті. Компанияның хабарлауынша, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 100 миллионға көп. Біраз адамның бір мезетте қашықтан жұмыс істеуге, оқуға көшуіне байланысты Telegram 20-дан астам мемлекетте әлеуметтік желілер категориясында жиі жүктелген. 

2020 жылы Telegram қауіпсіз әрі топтық видеоқоңырау шалу функциясын қосады. Бірақ оның нақты қашан қолданысқа енетіні әзірге айтылған жоқ. 

«Жаппай оқшаулану сенімді видеобайланыстың қажеттігін көрсетті. 2013 жылы хат алмасу функциясы мен чатты қалай қолдансақ, 2020 жылы видеоқоңырауларды солай қолданып жүрміз. Қазір қосымшалар қауіпсіз немесе пайдалануға ыңғайлы, бірақ бұл екі сипатты бірге қамти алмай жүр. Сондықтан біз 2020 жылы қауіпсіз әрі топтық видеоқоңырау функциясын енгізуге ден қойғымыз келеді», — делінген компанияның блогында. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз