Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін 4 миллион 146 мың қазақстандық  төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы Vласть хабарлады.

Министрліктің деректерінше, елімізде барлығы 8 миллионнан астам адам өтініш жіберген. «3 миллион 585 мың өтініш ережеге сай тексерістен өткен жоқ», — делінген хабарламада.

Төлем алғандардың көбі Алматы облысынан  603 мыңнан астам адам, одан кейін Түркістан облысы тұр  497 мың адам, Алматы қаласында 403 мың адам 42 500 теңге алған. Бұл — еліміздегі халқы көп үш аймақ. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз