Коронавирус жұқтырғандар саны 2251 болды
22 сәуірде сағат 17:50-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 2251 адам коронавируспен тіркелді, 20 науқас індеттен көз жұмды, 551 адам аурудан жазылып шыққан.
Соңғы деректерге сүйенсек тағы 44 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
Оның ішінде біреуі Қарағанды облысында, тоғызы Ақтөбе облысында, 20-сы Алматы қаласында, тоғызы Жамбыл облысында, үшеуі Алматы облысында, біреуі Астанада, тағы біреуі Қызылорда облысында тіркелген.
Астана бойынша 423 адам
Алматы қаласында – 756 адам
Қарағанды облысында - 103 адам
Ақмола облысында - 83 адам
Атырау облысында - 82 адам
Жамбыл облысында - 88 адам
Шымкент қаласында - 133 адам
Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам
Алматы облысында - 68 адам
Ақтөбе облысында - 43 адам
Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам
Павлодар облысында - 50 адам
Маңғыстау облысында - 19 адам
Қызылорда облысында - 159 адам
Батыс Қазақстан облысында - 86 адам
Түркістан облысында - 77 адам
Қостанай облысында - 36 адам.
Бүгін коронавирустан 20-өлім дерегі тіркелді. Жедел штабтың хабарлауынша, көз жұмған 1964 жылғы науқасқа коронавирустан басқа созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағымды жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония диагноздары қойылған
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться