QIWI компаниясының сауалнама нәтижесі бойынша, COVID-19 пандемиясына байланысты фрилансерлердің 52%-ында клиент саны азайды, 29%-ында өзгеріссіз қалса, 19%-ында клиент көбейген. Бұл туралы TJournal хабарлады

Фрилансерлердің (36%) үштен бір бөлігі табысының едәуір азайғанын айтты. 20%-ының кірісі азадап төмендеді, 23%-ында өзгеріссіз қалды, ал қалған 20%-ында керісінше көбейген. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (59%) жаңа табыс көздерін іздей бастаған, 23%-ы қосымша жұмыс туралы ойланып жүр. 

Сауалнамаға қатысқан әрі табысының төмендегенін айтқан фрилансерлердің 64%-ы кірістің азаюына карантин режимі әсер еткенін айтты. Себебі қашықтан жұмыс істеуге көшкен клиенттердің офистен тыс сұранысы шектелді. 

60% фрилансердің жұмысына коронавирус кедергі болмаған, олар COVID-19 инфекциясына дейін де жұмысын үйден істеген. 21% фрилансер керісінше жұмысын үйден істеуге көшкен, ал 7% фрилансер әлі қоғамдық жерлерде жұмыс істейді. 

Сауалнамаға 300 адам қатысқан. Оның 42%-ы веб және промо-дизайнері, 32%-ы әлеуметтік және жарнама желі менеджері, 23%-ы бағдарламалаушы. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз