Биыл ҰБТ-да соңғы тоқсанның сұрақтары келмейді
2020 жылы ҰБТ-да соңғы тоқсанның бағдарламасынан сұрақтар келмейді. Бұл туралы «Евразия» бірінші арнасы хабаралады.
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының ата-аналары қашықтан оқитын балалардың тест тапсырудан қиналауы мүмкін екенін айтып, уайымын жеткізді.
Ұлттық тестілеу орталығында төртінші тоқсанда өтетін тақырып бойынша сұрақтардың тестте болмайтыны айтылды.
«Мектеп оқушыларына соңғы тоқсан бағдарламасынан сұрақтар келмейді. Яғни 5-сыныптан бастап 11-сыныптың үш тоқсанына дейін өткен тақырыптар бойынша сұрақтар болады. ҰБТ форматы өзгермейді, алайда қосымша санитарлық шектеу шараларын енгіземіз», – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смагұлов.
Оның айтуынша, тест кезінде оқушылар алшақтатып отырғызылады әрі тест басталмастан бұрын бәрінің дене қызуы тексеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, кейбір қазақстандық университеттің студенттері де сессияны кейінге қалдыруды сұраған болатын. Олар онлайн оқудың кесірінен пайда болған қиындықтарын айтқан еді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться