Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың саны 700-ден асты
22 сәуірде сағат 18:30-дағы жағдай бойынша елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 23 адам тіркелді. Оның біреуі Қарағанды облысында, біреуі Түркістан облысында, 21-і Алматы қаласында анықталған.
Жалпы, Қазақстанда 2070 адамның коронавирус жұқытрғаны белгілі болды. Оның 505-і аурудан айықты, ал 19 науқас көз жұмды. Қала және облыс бойынша инфекцияны жұқтырғандардың саны төмендегідей:
Астанада – 403 адам
Алматы қаласында – 714 адам
Қарағанды облысында - 102 адам
Ақмола облысында - 83 адам
Атырау облысында - 82 адам
Жамбыл облысында - 76 адам
Шымкент қаласында - 103 адам
Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам
Алматы облысында - 62 адам
Ақтөбе облысында - 27 адам
Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам
Павлодар облысында - 37 адам
Маңғыстау облысында - 16 адам
Қызылорда облысында - 151 адам
Батыс Қазақстан облысында - 72 адам
Түркістан облысында - 67 адам
Қостанай облысында - 34 адам.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться