Қытайлық ғалымдардың тұжырымдауынша, оқшауланған адам жұмыс істеген кезде өзін жақсырақ сезінеді. Бұл туралы «Нож» онлайн-журналы хабарлады

Қытай ғалымдары Уханьда COVID-19 инфекциясы таралғаннан кейін карантиннің алғаш айында зерттеу бастады. Зерттеуге Қытайдың 64 аймағынан 369 адам қатысқан. 

Әрбір қатысушы Кесслер дистресс шкаласы, өмірге қанағаттану шкаласы және Short Form-12 шкаласы бойынша тесттен өтті. Респонденттер физикалық белсенділігі мен оқшаулану кезіндегі жұмысы туралы сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесінде карантин кезінде қашықтан жұмыс істеуге көшкен адамдардың эмоционалдық жағдайы үйде жұмыссыз қалғандарға қарағанда жақсырақ болған. Сауалнамаға жауап бергендердің ішінде жұмысын офисте жалғастырғандардың көрсеткіші психикалық және физикалық денсаулығы бойынша ең жоғары болған. Олардың дистресс шкаласымен көрсеткіші төмен, ал өмірге қанағаттану шкаласы жоғары нәтиже көрсеткен. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз