Теңізшевройл кәсіпорнында ауаға улы күкірт газ таралды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 19 сәуірде Атырау облысындағы «Теңізшевройл» мұнай өндіру кәсіпорнында күкірт газы таралды. Бұл туралы Информбюро хабарлады.
«С-511 пешінің қысымы артты. Қысымды төмендету үшін байпас желісі ашылды, нәтижесінде түтін құбыры арқылы күкіртті газ шықты. Байпас желісі 20 минут бойы ашық тұрды», – делінген хабарламада.
Атырау облысының экология департаменті «Теңізшевройл»- ға тексеріс жүргізіп жатыр.
Күкіртті газ өткір иісті, түссіз. Концентрациясы жоғарыласа, улы. Жанартау атқылаған кезде көп мөлшерде шығады әрі денсаулыққа қауіп төндіреді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться