Джонс Хопкинс университетінің деректерінше, дүниежүзінде 2 415 370 адам коронавирус жұқтырған, 165 903 науқас қайтыс болды, ал 3 882 002 адам бұл індеттен жазылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында. Бұл елде 759 786 адам тіркелген, 40 683 адам қайтыс болған. Нью-Йоркте 138 700 адам вирусты жұқтырған, 14 451 өлім тіркелді.

Испанияда 198 674 адам жұқтырған, 20 453 адам көз жұмды. Италияда 178 972 адамнан КВИ анықталған, 23 660 адам қайтыс болды. Францияда 154 098 жағдай тіркелген, 19 744 өлім тіркелді. Германияда 145 742 адам жұқтырғаны анықталды, 4 642 адам көз жұмды.

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1757 жағдай тіркелді. 428 адам сауықты, 19 адам қайтыс болды.

Олардың ішінде Астанада - 383 жағдай, Алматыда - 535 жағдай, Қарағанды облысында - 93 жағдай, Ақмола облысында - 82 жағдай, Атырау облысында - 80 жағдай.

Жамбыл облысында - 61 жағдай, Шымкентте - 80 жағдай, ШҚО-да - 8 жағдай, Алматы облысында - 44 жағдай, Ақтөбе облысында - 27 жағдай.

СҚО-да - 30 жағдай, Павлодар облысында - 30 жағдай, Маңғыстау облысында - 12 жағдай, Қызылорда облысында - 149 жағдай, БҚО-да - 63 жағдай, Түркістан облысында - 60 жағдай, Қостанай облысында - 20 жағдай тіркелді.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз