42 500 теңгені алған ешбір адам жазаланбайды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өткізген брифингінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, 42 500 теңгені қателесіп алған қазақстандықтар қылмыстық жауапқа тартылмайды.
«Бір де бір адам 42 500 теңге алғанда жіберген қатесі үшін қылмыстық жауапқа тартылмайтынын айтқым келеді. Тағы да айтамын 42 500-ді қателесіп алған ешбір адам жазаланбайды. Енді бұл әңгіменің нүктесін қояйық», - деп Нұрымбетов, біріншіден, әлеуметтік жауапқа тартуға ешқандай негіз жоқ, екіншіден, 42 500 – ТЖ режимі кезінде берілетін әлеуметтік төлем екенін айтты.
«Барлық адамның 42 500 теңге алғысы келетіні белгілі. Себебі төтенше жағдайға дейін де халықтың табысы аз, жалақысы төмен еді. Зейнетақы мен жәрдемақы да көп емес. Бұл әлеуметтік төлем болғандықтан халықты түсінуге болады», - деді Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, министрліктің жергілікті қызметкерлері «үйлерге барып» жеке тұлғаларды, кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарды тексермейді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться