17 сәуірде сағат 18:25-тегі жағдай бойынша, елімізде тағы 18 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның сегізі Алматы облысында, екеуі Батыс Қазақстан облысында, сегізі Астанада.

Бүгінде жалпы 1498 жағдай тіркелді, 17 науқас аурудан көз жұмды, 340 адам індеттен айықты. Қала және облыс бойынша вирусты жұқтырғандардың бөліндісі келесідей:

Астана – 341
Алматы – 461
Шымкент – 46
Ақмола облысы – 81
Ақтөбе облысы – 18
Алматы облысы – 37
Атырау облысы – 72
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 53
Батыс Қазақстан облысы – 32
Қарағанды облысы – 87
Қостанай облысы – 7
Қызылорда облысы – 143
Маңғыстау облысы – 12
Павлодар облысы – 15
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 56


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз