Алматыда 300 мыңдай адам табыссыз қалды
Алматыда 20 сәуірден бастап өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс базары мен компаниялар жұмысқа кіріседі. Әкімдіктің пікірінше, сол күннен бастап бір айда 89,4 мың адам жұмысқа орала алады. Бұл туралы Vласть хабарлады.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Карантин кезінде қалада жұмыспен қамтылғандар саны 727,8 мың адамға қысқарды, ал 200 мың адам қашықтан жұмыс істеуге көшті. Ал 300 мың адам мүлде табыссыз қалған. Әзірге күшейтілген карантин режимінде 210 мың жұмыс орны бар ұйымдар жұмыс істеп тұр. Ал бұл экономикада жұмыспен қамтылғандардың 17%-ы.
Алматы әкімінің айтуынша, өнеркәсіп саласында шектеу алынғаннан кейін 42,2 мың адам жұмысқа қайта оралады. Құрылыс мезгілінің басталуын және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасының іске қосылуының ескерсек, бұл салада 34,5 мың жаңа жұмыс орны пайда болады. Ал құрылыс базарларында 10,8 мың адам жұмысқа шығады.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться