1 шілдеге дейін Ұлттық банк Астанаға көшеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Алматыдан Астанаға көшіру туралы қаулыға қол қойды.
Қаржыны реттеумен айналысатын орталық аппарат 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін көшеді.
«1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің орталық аппаратын Алматыдан Астанаға көшуін қамтамасыз ету», – делінген құжатта.
Қаулыда көрсетілгендей, Ұлттық банк Есіл ауданы, Мәңгілік Ел алаңы, 57А ғимаратына орналасады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен онлайн-интервью кезінде журналистер Ұлттық банктің Астанаға қазіргі жағдайда көшу мүмкіндігі жайында сұрақ қойды.
«Олар дәл қазір карантин кезінде көшеді деп ойламаймын. Мұның бәрі аяқталғанша тағы біраз уақыт өтеді», – деді Сағынтаев.
Айта кетейік, Ұлттық банктің көшетіні 2019 жылы белгілі болған еді. Былтыр желтоқсанда Банктің басшысы Ерболат Досаев Астанаға көшу 2020 жылдың көктеміне жоспарланды деген еді.
«Ұлттық банк алдымен жалға алынған офисте жұмыс істейді, кейін жеке ғимарат саламыз», – деген еді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, көшу Банк жұмысына әсер етпейді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться