Moscow FemFest командасы Евроодақ өкілдерінің қолдауымен «Қауіпсіздік пен амандық мектебі» жобасын іске қосты. Жоба аясында үйде отырып, қиындық көріп жүрген әйелдерге арналған вебинарлар циклы өтіп жатыр. 

Онлайн-сабақтар 14 сәуірден бастап аптасына екі рет өтеді. Қатысу үшін вебинарға тіркелу керек.

Видеосабақты психологтар, құқық қорғаушылар мен феминист белсенділер жүргізеді. Сарапшыларға тікелей эфирде сұрақ қоя аласыз. Кейін тікелей эфирлер сайтта және жобаның әлеуметтік желілерінде сақталады. Сабақтардың тақырыптары төмендегідей:

Агрессормен карантин: не істеймін?
— Оқшауланған әйелдер шаршайды: бала күтімі мен жұмысты қалай бірге алып жүремін?
— Туғандар және жақындарыммен қамалып отырғанда өмірді қалай реттеу керек: шекараларды қалай қою керек?
— Дағдарыс кезінде мансап құру мен өзін-өзі дамыту жолдары.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз