15 сәуірде 12:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, сегіз адамда коронавирус анықталды. Қазір Қазақстанда барлығы 1275 адам COVID-19 инфекциясымен тіркелді, 203 адам жазылып шықты, ал 15 науқас көз жұмды. Облыс және қала бөліндісі бойынша вирусты жұқтырғандардың саны төмендегідей:

Астана – 294
Алматы – 370
Шымкент – 40
Ақмола облысы – 80
Ақтөбе облысы – 13
Алматы облысы – 24
Атырау облысы – 70
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 49
Батыс Қазақстан облысы – 18
Қарағанды облысы – 81
Қостанай облысы – 5
Қызылорда облысы – 126
Маңғыстау облысы – 11
Павлодар облысы – 11
Солтүстік Қазақстан облысы – 26
Түркістан облысы – 49

Бүгін коронавирустан 15-өлім дерегі тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қайтыс болған адам — 1945 жылы дүниге келген Қостанай облысының тұрғыны. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз