Коронавирусты анықтайтын тегін жедел-тестіні қайда тапсыруға болады?
Астана мен Алматы қалаларында «Олимп» зертханаларында COVID-19-ға тегін жедел-тест жасауға болады. Тестілерді сатып алуға қаражатты «Сәби» қайырымдылық қоры бөлді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП хабарлады.
COVID-19-ға тегін жедел-тест бойынша бүкіл жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауымен жүргізіледі. Зерттеуден өту алгоритмі төмендегідей:
— Тестілеуден өту үшін пациент cdl.kz сайтында сауалнаманы толтырады.
— Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемилогтары жеке адамдар тобының эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізеді.
— Іріктеуден кейін бекітілген тізім ОЛИМП КДЗ операторларына жіберіледі.
— Зертхана қызметкерлері науқаспен байланысқа шығып, зерттеу өтетін орынды хабарлайы: сынама алу мекенжайы, күні, зерттеу уақыты, келушілерге талаптар және анализ өткізудегі іс-әрекеттер айтылады. Зертханаға пациент бетперде киіп, жеке куәлігін ала келуі керек. Кезек болса, пациенттер арасында 1,5-2 метр арақашықтық сақталуы керек.
— Анализ нәтижесі пациентке тура сол жерде 15 минут ішінде ауызша айтылады. Жазбаша түріндегі нәтиже бір күннің ішінде сауалнамада көрсетілген поштаға жіберіледі.
—Аталған шаралар келушілердің, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған. Тестілеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемилогтары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы қаулысында көрсетілген талаптарға сәйкес бекіткен тұлғаларға ғана тегін жүргізіледі.
Тегін зерттеуден бірінші өтетіндер:
— коронавирус таралуының алдын алу іс-шараларына қатысатын тұлғалар: жедел жәрдем саласының медициналық қызметкерлері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері.
— тыныс алу ағзаларының ауыр созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрғандар;
— коронавирус таралуының алдын алуға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҰҚК, Кеден қызметі, Әкімдіктер қызметкерлері);
— карантиндік аймақтардың тіршілік қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері
— Бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша науқастар.
Биоматериалдарды алу пунктері:
Астана:
— ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Әуезов көшесі, 36-үй;
— ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті пр. Б. Момышұлы д-лы, 16-үй;
ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Абылайхан д-лы 12/1-үй;
— ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Е көшесі10, 2-үй, 8;
—ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Гёте көшесі, 3-үй
Алматы:
—ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Жандосов көшесі, 1В-үй;
— ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Байзақов көшесі, 221-үй;
— ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Халиулин көшесі, 32-үй;
— ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Сейфуллин д-лы, 549-үй;
— ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Гагарин д-лы, 236Б-үй
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться