Бүгінде Қазақстанда 979 адам коронавирустпен тіркелді. Оның басым көпшілігі Астана, Алматы және Қызылордада. 138 адам бұл аурудан жазылған, ал 12 науқас көз жұмды. Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны төмендегідей:

Астана – 257
Алматы қаласы – 172
Шымкент қаласы – 38
Ақмола облысы – 71
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 21
Атырау облысы – 59
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 46
Батыс Қазақстан облысы – 9
Қарағанды облысы – 76
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 119
Маңғыстау облысы – 10
Павлодар облысы – 10
Солтүстік Қазақстан облысы – 26
Түркістан облысы – 43

Айта кетейік, инфекциядан жазылған 138 адамның 28-інің аурудан айыққаны бүгін мәлім болды. Оның біреуі Алматы қаласында,  төртеуі Ақмола облысында, үшеуі Алматы облысында, ал 20-сы Астанада. 

Коронавирустан көз жұмған 12-адам Ақмола облысында тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол – Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 1936 жылғы тұрғыны. Өкпені жасанды жолмен желдету аппаратына қосылған науқастың халі өте ауыр болған.  Осыған дейін  Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жасы үлкен екі адам коронавирустан көз жұмған. 


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз