3136 адамға коронавирусты анықтайтын экспресс-тест жасалды
ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова экспресс-тесттер арқылы 64 қазақстандықтан коронавирусқа қарсы антиденелердің анықталғанын айтты.
Коронавирус инфекциясына экспресс-тесттер Алматы мен Астанада, шекарадағы барлық санитарлық-өткізу пункттерінде жасалып жатыр.
«Тесттерді меценаттар сатып алды, мемлекеттен ешқандай қаражат кеткен жоқ. Барлығы 270 мың тест бар, 3136-і қолданылды. Оның 354-і автокөліктерді өткізу бекеттерінде, 2782-сі медициналық ұйымдарда пайдаланылды. Тест нәтижесі 64 адамда антиденелерді анықтады. Бұл — 64 адамның коронавируспен ауырғанының белгісі. Енді олар әрі қарай ПТР әдісімен қаралады», — дейді Людмила Бюрабекова.
Кейін Vластьқа берген интервьюінде ол тесттің пилоттық режимде бірнеше күннен бері жасалып жатқанын айтты. Антиденелер табылған 64 адам жалпы статистикаға кірген жоқ. Себебі нәтижесі белгілі болған соң олар првизорлық стационарға жатқызылып, ПТР әдісімен тексеріледі.
Айта кетейік, коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тесттер дүйсенбіден бері «Олимп» зертханаларының базасында Астана мен Алматы тұрғындарына жасалып жатыр. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің деректерінше, экспресс-тесттердің көрсеткіші 50%-ға ғана нақты.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться