Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 10 сәуірдегі саны
10 сәуірде сағат 20:15-тегі деректер бойынша, алты адамда коронавирус анықталды. Алматы қаласында бір адам, Павлодар облысында бір адам, Атырау облысында бір адам, Қызылорда облысында бір адам, Түркістан облысында бір адам тіркелді.
Бүгінде Қазақстанда барлығы 808 адамның коронавирус жұқтырғаны мәлім болды. Оның 64-і аурудан айыққан, ал тоғыз адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмды. Облыс және қала бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны төмендегідей:
Астана – 226
Алматы – 123
Шымкент қаласы – 31
Ақмола облысы – 61
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 47
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Жамбыл облысы – 45
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 61
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 105
Маңғыстау облысы – 9
Павлодар облысы – 4
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 35
Бүгін коронавирустан төрт адам жазылып шыққан. Оның екеуі — Алматыда тіркелген 1978 жылғы ер адам мен 23 жастағы қыз. Біреуі — Алматы облысында Қырғауылды ауылының 1985 жылғы тұрғыны, тағы біреуі — Астанада аурудан айыққан.
Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, Алматыда коронавирустан бірінші өлім дерегі тіркелді. Ол — елімізде COVID-19 инфекциясынан көз жұмған тоғызыншы адам.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться