Коронавируспен тіркелген жүкті әйел сау баланы дүниеге әкелді
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметінше, Қызылордада коронавирус инфекциясымен тіркелген жүкті әйел сау баланы дүниеге әкелді. Нәресте COVID-19 инфекциясына тексерілді, тест нәтижесі теріс болып шыққан.
«Коронавирус жұқтырған жүкті әйел 9 сәуірде босанды. Нәрестеге жасалған тест теріс нәтижені көрсетті», - деп хабарлады Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусәметов.
Жалпы, Қызылорда облысында 104 адамда коронавирус анықталған, соңғы төрт дерек бүгін тіркелген.
ДСМ-нің вице-министрі Ляззат Ақтаева Facebook-тегі жеке парақшасында жаңа босанған әйелдің жағдайы туралы жазған еді: «Бақылау кезінде дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген. COVID-19 инфекциясына жасаған тест оң еді. Толғағы басталып, кейін ол қиындықсыз босанды. Нәресте кювезге (сәбиге арналған инкубаторға) орналастырылды. Салмағы 2970 гр, бойы 51 см».
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться