Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин төтенше жағдай кезінде ІІМ қызметкерлеріне бір айлық жалақы көлемінде үстеме берілетінін айтты. Бұл туралы Hola News хабарлады

Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін медициналық мекемелерді күзетіп, қауіпсіздікті қадағалайтын, блокпостта кезекшілігін атқаратын 52 мың полицейге үстеме тағайындалады. 

«Басшылық емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жеке құрамада 52 мың адам бар. Оларға төтенше жағдай кезінде бір айлық жалақының мөлшерімен қосымша үстеме беріледі. Әркімнің айлығы әртүрлі, бірақ жалпы жалақы көлемі 6 миллиард теңгеге жуық. Бұл қаражат аталған қызметкерлерге ақшалай сыйақы ретінде аударылады» — дейді Юрий Ильин.

Айта кетейік, медицина қызметкерлеріне де 212,5 мыңнан 850 мыңға дейінгі қосымша үстеме тағайындалған еді. Медқызметкерлерді қолдауға 33,8 миллиард теңге бөлінген. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз