Джон Хопкинс университетінің деректерінше, әлемде 1 513 358 адам коронавирус жұқтырған, 88 415 науқас аурудан көз жұмған, ал 329 329 адам инфекциядан толықтай айыққан. Бұл туралы Vласть хабарлады

АҚШ коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша әлі де бірінші орында тұр. Мұнда 430 376 жұқтыру жағдайы тіркелген, 14 739 адам қайтыс болған, ал 23 707 адам аурудан жазылды. Америкада 7 сәуірде 1736, 8 сәуірде 1973 өлім дерегі тіркелген. 

Жұқтырғандардың саны бойынша Испания екінші, бұл елде 148 220 адамда коронавирус анықталған, 14 792 адам көз жұмған, 48 021 адам аурудан айыққан. Италия үшінші, 139 422 адам тіркелген, 17 669 науқас қаза болған, ал 26 491 адам індеттен жазылған.  

Францияда 113 965 жұқтыру дерегі тіркелген, оның 10 869-ы көз жұмды. Германияда 113 296 адамда коронавирус анықталған, оның 2 349-ы қаза болды. Ал Иранда 64 586 науқастың коронавируспен ауыратыны белгілі болды, оның 3 993-і қайтыс болды. Ұлыбританияда 61 474 адам тіркеліп, оның 7 097-сі қаза болды, ал Түркияда бұл вирус 38 226 адамға жұққан, 812 өлім дерегі тіркелген. 

Ал Қытай жұқтырғандардың саны бойынша алтыншы орында. Мұнда 77 567 адам коронавирустан айыққан. Жалпы, COVID-19 инфекциясын 82 809 науқас жұқтырған, ал 3 337 адам аурудан көз жұмған. 

Бүгінде Қазақстанда барлығы 727 адамда коронавирус анықталған. 54 науқас жазылды, ал жетеуі қаза болды. 


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз