Ақмола облысында 91 жастағы науқас коронавирустан көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігі бүгін бес адамның коронавируспен тіркелгенін, бір адамның бұл аурудан көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл — еліміздегі жетінші өлім дерегі.
Тіркелген бес жағдайдың біреуі Маңғыстауда, үшеуі Қызылорда облысында, тағы біреуі Ақмола облысында.
Ал инфекциядан қайтыс болған науқас — Ақмола облысының 1929 жылғы тұрғыны.
Барлығы Қазақстанда 709 адамда коронавирус анықталды. Оның көбі, яғни 222-сі Астанада, 119-ы Алматыда. Бүгінге дейін COVID-19 инфекциясынан жеті науқас көз жұмған, ал 53 адам жазылды.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться