Facebook коронавируспен күресу мақсатында қолданушыларының геодеректерін жинайды
Facebook зерттеушілерге коронавирус пандемиясымен күресуге көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы TJournal хабарлады.
Компания қолданушылардың геомәліметтерін жинайтын болады. Бұл деректер арқылы мына нәрселерді істеуге мүмкіндік бар:
— Бір ауданда тұратын адамдардың байланыс, қарым-қатынас ықтималдылығын есептай алады;
— аймақтағы қозғалыс үрдістерін бақылау: адамдардың қайда екенін және олардың қайда баратынын білу;
— аудандар арасындағы әлеуметтік байланыс индексін құрып, вирустың таралуын болжау.
Компанияның айтуынша, олар нақты бір адамды бақыламайды. Ал жиналған бар дерек тек аноним түрде зерттеушілерге беріледі.
Марк Цукерберг бұл жүйенің осы аптада АҚШ-та енгізілетінін айтты. Егер жоба сәтті болса, ол басқа елдерде де қолданылады.
Алайда 2019 жылы Facebook Messenger-дегі аудиохабарламаларды үшінші жаққа таратқанын еске салған жөн. Компания қолданушыларын бұл туралы ескертпеген еді.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться