Бүгін Қазақстанда 20 адам коронавируспен тіркелді. Қазір елімізде COVID-19 инфекциясын барлығы 604 адам жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңа тіркелген 20 науқастың 16-сы Қарағанды облысында, екеуі Маңғыстау облысында, біреуі Шығыс Қазақстанда, тағы біреуі Жамбыл облысында. 

Бүгінде COVID-19 Қазақстанның барлық аймағында анықталды. Астанада 219 адам, Алматыда 116, Қарағанды облысында 48, Қызылорда облысында 37, Атырау және Жамбыл облысында 29, Түркістан облысында 28, Солтүстік Қазақстан облысында 25, Ақмола облысында 23, Шымкентте 14, Ақтөбе облысында 11, Алматы облысында 10, Шығыс Қазақстан облысында алты, Маңғыстау облысында бес, Батыс Қазақстан облысында екі, Қостанай және Павлодар облыстарында бір адам коронавирус жұқтырған. 

Министрліктің деректерінше, 45 адам коронавирустан айыққан, ал алты адам індеттен көз жұмды. 


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз