Астана мен Алматыда демалыс аптасы ұзартылады
3 сәуірде ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында бірнеше маңызды шешім қабылданды.
Комиссия Астана мен Алматыдағы демалыс аптасын 13 сәуірге дейін ұзартты. Бұл тұрғындар денсаулығы және мегаполистер тіршілігі үшін маңызды мекемелерден басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.
Мемлекеттік комиссия Шымкент әкімінің 4 сәуірден бастап қалада карантин енгізу ұсынысын қабылдады.
Ауруханада инфекцияның таралуын алдын алу үшін премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге инфекциялық, провизорлық және карантин объектілеріндегі санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Астана, Алматы мен Шымкентте тез тұрғызылатын конструкциядан инфекциялық аурухана салынады.
Асқар Мамин әкімдерге кемі 240 мың жұмыс орнын ашып, отандық өнім мен қызмет көрсетудің 90%-ын пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында халықты жұмысқа орналастыру үшін мобильді рекрут пункттерін құру, жұмыссыздарды электрон еңбек биржасы арқылы жобаларға тартуды міндеттеді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться