Астанада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың бесеуі ауыр халде
Астанада коронавирус жұқтырған бес адамның жағдайы ауыр деп бағаланды, оның үшеуі өкпені жасанды жолмен желдету аппаратына қосылған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова бүгін өткен брифингте хабарлады.
Оның мәліметінше, астанада инфекция жұқтыру қаупі жоғары 17 ошақ бар. Ондағы 189 адам үй карантинінде.
«Бүгінде астанада КВИ жұқтырған 193 адамның 1949 тұрғынмен байланысқаны анықталды. Оның 962-сі жақын қарым-қатынаста болған, ал 987-сінің байланыс құру ықтималдылығы жоғары. Орта есеппен коронавирусты жұқтырған бір адамға 11 қарым-қатынас келеді. Тіркелген 193 жағдайдың 123-і бұрын стационар карантинінде не үй карантинінде болған. Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастың бесеуі аса ауыр жағдайда, оның үшеуі ӨЖЖ аппаратына қосылған», — деп хабарлады Қисықова.
Сонымен бірге, басқарма басшысының айтуынша, КВИ жұқтырған адамдармен байланысуы мүмкін жандар, яғни отбасы, жұмыстасы, көршісі санитарлық-гигиеналық жағдайда жеке тұруы үшін үй карантинінде оқшаулануы керек.
«Егер адам үй стационарында болса, ереже қатаң сақталуы тиіс. Үйде отырып, біздің кеңестеріміз бен үй карантинінің шарттары орындалуы керек. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалау мақсатында олардың тұрғын үйлерінің жанына полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілікке қойылды. Барлық шара қолданылғаннан кейін шектеу алынды. Бірақ бұл үйлерде дезинфекциялауды күшейтілген түрде жалғастырып жатырмыз», — деді Сәуле Қисықова.
Комментарии
Подписаться