Шэньчжэнь — мысық пен ит жеуге тыйым салған Қытайдағы алғаш қала
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит-мысықты жеуге тыйым салынды. Бұл туралы Би-би-си хабарлады. Шэньчжэнь — 1 мамырдан бастап үй жануарларының етін сатуға және пайдалануға тыйым салынған Қытайдың құрлықтық территориясындағы алғаш қала.
Жаңа норма жануардан жұққан инфекцияның коронавирус пандемиясына айналуына байланысты енгізілді. Ғалымдардың пайымдауынша, вирус жарғанаттан (жарғанат коронавирустың байырғы тасушысы) панголин жануары арқылы адамға жұққан.
Жануарларға деген ізгі қарым-қатынасты қолдайтын Humane Society International ұйымының дерегінше, Азия мемлекеттерінде жыл сайын 30 миллион ит еті үшін өлтіріледі. «Оның ішінде 10 миллион ит пен 4 миллион мысық жыл сайын Қытайда құрбан болады», — дейді ұйымның жергілікті маманы Питер Ли.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться