Елімізде карантин басталғалы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1555 адам жауапқа тартылып, оның 605-і тұтқындалды. 

Соңғы тәулікте Қазақстанда 239 адам ТЖ режимін сақтамаған. Олардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылды, ал 75 адам тұтқынға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. 

Сондай-ақ кәсіпкерлікпен рұқсатсыз айналысқаны үшін 58 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 54-і Астанада, екеуі Ақмола облысында, біреуі Ақтөбе облысында, тағы біреуі Шымкентте. 

Тәртіп бұзушылардан алынған 60 687 бетперде жергілікті атқарушы органдарға берілді:

— Астана – 21 169;

— Ақмола облысы – 10 018;

— Ақтөбе обылысы – 9 500;

— Шымкент – 20 мың.

Сонымен қатар, Астанада құқық қорғау органдары заңсыз сатылымға енгізілген 2,3 литр антисептик пен 5000 қолғап тапты.

Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзуға итермелейтін іс-әрекеттері үшін 22 құқық бұзушы жазаланды. Оның 10-ы Ақтөбе облысында, төртеуі ШҚО-да, үшеуі Павлодар облысында, екеуі Түркістан облысында, біреуі астанада, біреуі Алматыда, тағы біреуі Маңғыстауда. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз