Карантин кезінде қазақстандықтар 1430.kz порталында білікті дәрігерлерден онлайн түрде видеокеңес ала алады. Бұл туралы Informburo.kz хабарлады. 

Дәрігермен кеңесу үшін порталда тіркеліп, дәрігерді таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу керек. Жазылғаныңыз туралы хабарды алған соң дәрігер анализіңіз бен медициналық картаңызды сараптап, видеоқабылдау өткізеді. Кейін қажет болса, әдеттегі күндізгі қабылдауға шақырады. 

Бүгінде порталда 700 тәжірибелі дәрігер тіркелген. Олар елдің кез келген аймағындағы науқасқа қашықтан көмек көрсете алады. Әр дәрігер туралы ақпаратты порталдан табасыз. 

«Бұл тәсіл карантин кезінде халықтың уақытын үнемдеуге, қауіпсіздікті сақтауға әрі онлайн медициналық қызметтің дамуына оң әсер етеді», – дейді портал құрушылары. 

Айта кетейік, қазір елімізде барлығы 369 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 26-сы жазылды, үшеуі індеттен көз жұмды


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз