Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды
«Бүгін таңертең Қарағандыда 62 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды. Ол 30 наурызда екі жақты пневмониямен ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Реанимациялық боксқа орналастырылғанына қарамастан науқастың жағдайы нашарлай түскен. Таңғы жетіде жүрегі тоқтап, көз жұмды», — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.
Оның айтуынша, қайтыс болған науқас осыған дейін дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Ол Теміртау қаласында жұмыс істеген. Қазір оның жақын туыстары оқшауланды.
Бүгінде Қарағанды облысында стационарда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 13 науқас ем алып жатыр. Олардың жағдайы орташа. Тәулік бойы жүргізілетін бақылауда 598 адам бар, ал 1076 адам үй карантиніне орналастырылды.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться