Жазғы Олимпиада ойындарының қашан өтетіні белгілі болды
Токиода жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындарын 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланған. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Моридің айтуынша, бұл туралы шешім Халықарадық олимпиада комитетімен телефон арқылы сөйлескен кезде қабылданды.
«Іс-шараның қашан өтетінін анықтау үшін спортшылардың дайындыққа кететін уақытын, еріктілер мен көрерменге ыңғайлы болуын ескердік», — деді Мори.
«Ведомости»-дің хабарлауынша, Олимпиаданы бір жылға шегеру пандемияның салдарын саралауға мүмкіндік береді. Барлық билет 2021 жылға дейін жарамды болады. Ал бұл күндері Олимпиада ойындарын көруге қатыса алмайтындар билет ақшасын толықтай қайтарып ала алады.
Айта кетейік, 24 наурызда «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті, ХОК және Жапонияның премьер-министрі коронавирустың таралуына байланысты жазғы Олимпиада ойындарын бір жылға шегерген еді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться