Атырау облысында үш адам коронавируспен тіркелді
«Қазақстанда коронавирустың тағы үш дерегі тіркелді. Бұл жолы үшеуі де Атырау облысында», — деді Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда барлығы 124 адам коронавирус жұқтырған. Оның 61 еліміздің астанасында, 48-і Алматыда, 4-і Қарағандыда, 2-і Шымкентте анықталса, Жамбыл мен Атырау облыстарында 3 жағдай, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік облыстарында бір-бір науқастан тіркелген.
Жазылғандар саны екеу, ал бір адам инфекциядан көз жұмды.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться