Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды
Коронавирус инфекциясынан әйел адам қаза болды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бейсенбі кешке өткен брифингте хабарлады.
«Бүгін коронавирустан Қазақстанның азаматшасы көз жұмды. Туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді ол. Министрдің сөзінше, толық ақпаратты ертең Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін елімізде 109 адамда коронавирус анықталған. Оның екеуі толықтай жазылған еді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться