QazaqshaМедициналық бетперде немесе респиратор: Қайсысын алған жөн?
Коронавирустан қорғануда қандай бетперденің тиімді екенін білдік
Пандемия кезінде бетперде киюдің пайдасы бар-жоғына әлі де қызу пікірталастар болып тұрады. Соған қарамастан тұрғындар оларды дәріханалардан жаппай сатып алып жатыр. The Village ДДҰ, FDA мен респиратор шығарушылардың ақпаратын жинап, қандай бетперде мен респиратордың коронавирустан қорғануда көмектесетінін, қайсысының пайдасыз екенін анықтады.
Қарапайым бетпердені науқас адамға таққан тиімдірек. Ол айналадағыларға инфекцияны таратудан сақтайды. Ал респиротор сау адамды жарым-жартылай қорғайды. Жалпы, олар бірнеше топқа бөлінеді: қарапайым медициналық бетперде, FFP1, 2 және 3 топтарындағы респираторлар.
Респиратордың қай топқа жататынын анықтау үшін сыртындағы белгісіне назар аударыңыз. Әдетте FFP1-дің ақ не сары қақпашасы болады. FFP2 көбіне көк әрі резеңкелі болып келсе, FFP3-тің резеңкесі де, қақпақшасы да қызыл түсті. Егер респиратордан ешқандай белгі таппасаңыз, оны FFP1 ретінде қолдануыңызға болады.
Қарапайым медициналық бетперде
Бетперденің вирустан қорғау деңгейі төмен. Себебі ол бетке толық жанаспайды, бірақ қолмен ұстауға болмайтынын еске салып тұрады. Сонымен қатар, сіз науқас болсаңыз түшкірген не жөтелеген кезде жаныңыздағы адамдарға вирусты таратудан сақтайды. Ескеру керек басты мәселе — шамамен екі сағаттан кейін бетперде ылғалданып, қабатында вирус пен бактерия көбейеді. Сондықтан оны тек ауырсаңыз ғана тағыңыз. Екі сағат сайын ауыстыруды да ұмытпаңыз. Бетпердені киіп жүрген кезде оны қозғауға болмайды! Ал шешкеннен кейін міндетті түрде қолды сабындап жуып, санитайзермен тазалап алыңыз.
FFP1 тобындағы респиратор
FFP1 (Filtering Face Piece) тобы улы емес шаң мен аэрозольдің ірі тамшыларынан қорғайды. Олар медициналық бетперделерге қарағанда жақсы жұмыс істейді, бірақ бәрібір вирустан қорғамайды. Егер ол бетке толықтай жанаспаса, тиімділігі әлдеқайда төмендейтінін ескерген жөн. Сондықтан бұл бетпердені тақпастан бұрын ер адамдарға қырыну керек.
Қақпақшасы, яғни клапаны бар респиратор баяу ылғалданады. Сондықтан FFP1-ді төрт-сегіз сағат пайдалануға болады. Респиратордың бұл түрі инфекциядан емес, бетті қолмен ұстаудан, басқаларға вирус таратпаудан қорғайды. Оны шешкеннен кейін міндетті түрде қолды сабындап жуып, санитайзермен тазалап алыңыз.
FFP2 тобындағы респиратор
FFP2 тобы улы және канцерогенді шаңнан, аэрозольден, майдан және судан қорғай алады. Мамандардың пікірінше, респиратордың бұл түрі көп жағдайда вирустан сақтайды, бірақ оған кепілдік жоқ. Сондықтан науқастармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне оны тағу ұсынылмайды. Бұл респираторды алты-сегіз сағат қолдануға болады. Оны абайлап, сыртын ұстамай, байыппен шешу керек. Кейін қолды сабынмен жуып, санитайзермен тазалауды ұмытпаңыз.
FFP3 тобындағы респиратор
Бұл — қарапайым респираторлардың арасындағы ең мықты бетперде. Одан әрі фильтрлі бетперде мен газтұтқыш (противогаз) тұр. Сондықтан FFP3 респираторлары аса улы затпен, радиоактив материалмен жұмыс істегенде, вирус пен бактерия жұқтыру қаупі төнген кезде қажет. ДДҰ науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлерге дәл осы респираторды қолдануды ұсынады. Оның қанша сағатқа жарамды екенін анықтап алған жөн. Әдетте ол алты-сегіз сағат жұмыс істейді.
Егер сіз жоғарғы деңгейде қорғанғыңыз келсе, респираторды ғана тағу жеткіліксіз. Вирустан толықтай сақтану үшін түссіз қорғаныс экраны немесе көзәйнек керек.
Бірақ жоғарғы деңгейде қорғайтын респиратордың кемшілігі бар. Оны киген соң демалу қиын. Алты сағат бойы шешпестен пайдалану ауыр. Ал бір шешкен соң қайтадан пайдалануға жарамсыз болып қалады. Сондықтан FFP3 тобындағы респираторды тағып, қазіргі құнды ресурсты бекер жұмсамаған абзал.
Бұл респираторды да шешкен кезде сыртын ұстамай, өте сақ болу керек. Кейін оны полиэтилен пакетке салып, байлау қажет. Ал қолыңызды сабындап жуып, санитайзермен тазалаған жөн.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Фото: мұқаба – unsplash, 1 – news.myseldon, 2 – obobrali, 3 – specplus, 4 – toolsonline
Комментарии
Подписаться